Тескенсу — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Тескенсу ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен33314443 4830 108,7 2213 2496 112,8 2230 2334 104,7
Белгілі ауыл тұрғындары Жылқы өсіріп оның басын аман сақтауда сіңірген зор еңбектері үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указы бойынша Тастан Тоқбаевқа, Жамбол Боқбасаровқа «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. Колхоздың нығаюына үлес қосқан шопандар адал еңбектерімен көрінді. Шопан таяғын алып, отар артынан жайылымға шыққан азаматтардың бірі – Қожанай Ақатаев. Аға шопан Ақатаев Қожанай ауыл шаруашылығы озаттарының слетіне қатысты. 1948 жылы «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, 1953 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің мақтау қағазымен, 1958 жылы «Ленин орденімен», 1960 жылы Қожанай Ақатаевқа «Қазақ ССР-нің Социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебері» деген атақ берілді.
Сыртқы сілтеме Тарихтан жеткен тағылым
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері