Ким Ман Сам(1883-1964)ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1947), күріш өсірудің әйгілі шебері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лаураеты (1947). 1883 жылы Ресейдің Қиыр Шығыс өлкесі, Уссури уезінде туған.
Еңбек жолдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы "Авангард" колхозының күріш звеносының жетекшісі болды. 1929 жылдан колхозшы. 1937 жылдан КОКП мүшесі. 1940 жылы қажырлы еңбегі және озат агротехниканы қолдану нәтижесінде 18 га егістің әрқайсысынан 80 ц, 1942 жылы әр га-дан 150 ц, 1944 жылы 15 га егістен 152 ц, одан кейінгі жылдарда да күріштен жоғары өнім жинады.
Наградалары Ленин ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені "Құрмет Белгісі" ордені Социалистік Еңбек Ері (1947) Медальдар
Тағы қараңыз Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері