НеймарДжастин Неймар. Барселона бразилиялық жұлдызды қалай қарсы алды да Силва Сантос Жуниор () немесе қысқаша Неймар (5 ақпан 1992, Можи-дас-Крузис) — бразилиялық футболшы, Бразилия құрамасы мен "Сантос" клубының шабуылшысы.

Мансап

Клубтық 2008 жылы "Сантоспен" тұңғыш кәсіби келісім шартын жасасты. Жас талантты қатарына қосып алушы командалар көбейген соң нарқын тым жоғары бағалап қойды да, балаң футболшыны алуға ешкімнің зауқы соқпады.

2009 жылы 7 наурызда клубтағы тұңғыш ойынын өткізді. 2010 жылы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп, Сан-Паулу штатының чемпионы атанды. 2010 жылы қыркүйекте клуб бапкері Доривал Жуниорды пенальти тепкізбегені үшін сынға алды, онысы үшін ақшалай айыппұл салынды. Осы кикілжіңнің себебімен бапкер бір айдан соң қызметтен кетті. Маусым соңында Либертадорес кубогының иегері атанды. left|нобай 2012 жылы 6 ақпанда клуб сапындағы 100-ші голын соқты. Жыл соңында 42 голмен Бразилия чемпионатының үздік мергені атанды. 2013 жылы 26 мамырда клуб сапындағы соңғы ойынын "Фламенгоға" қарсы өткізді. Бұл ойында есеп ашылмады.

2013 жылы мамыр айының соңғы күндерінде 57 млн еуроға "Сантостан" "Барселонаға" ауысты. 3 маусымда Неймарды таныстыру рәсімі өтті. Оған 56 мың көрермен жиналды.

"Барселона" сапындағы тұңғыш ресми ойынын 18 қыркүйек күні "Левантеге" қарсы өткізді. 24 қыркүйекте Испания чемпионатындағы тұңғыш голын "Реал Сосьедад" қақпасына соқты. 26 қазанда тұңғыш рет "Эль Класикода" ойнап, бір гол соқты. Бұл ойында "Барселона" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жалпы 2013/14 жылғы маусымда 15 гол соқты.

2014/15 жылғы маусымда барлығы 39 гол соқты, УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, Испания кубогы мен чемпионатында топ жарды.

"Барселона" сапында барлығы 176 ойын өткізіп, 105 голдың авторы атанды, 59 нәтижелі пас шығарды.

2017 жылы 3 тамызда 222 млн еуроға "Пари Сен-Жерменге" ауысты. Жаңа клубы сапындағы тұңғыш ойынын 13 тамызда "Генгамға" қарсы өткізді. 2017/18 жылғы маусымда Франция чемпионатында 20 кездесу өткізіп, 19 гол соқты да, Франция чемпионы атанды.

Әл-Хилал thumb|Неймар Әл-Хилал сапында, 2023 жыл 2023 жылдың 15 тамызында Неймар Сауд Арабиясының Про-лигасындағы Әл-Хилал клубына екі жылдық келісімшартпен ауысып, Еуропалық лигалардан келген ойыншылар тізіміне қосылды. Бұл трансфердің құны 90 миллион еуро деп бағаланды, осылайша ол Сауд Арабиясы Про-лигасы тарихындағы ең қымбат сатып алу болды. Сонымен қатар, оның жылдық жалақысы 150 миллион еуро деп хабарланды, бұл Пари Сен-Жермен клубындағы табысынан алты есе көп.

The Independent басылымының мәліметінше, Неймарға шынайы қызығушылық танытқан жалғыз еуропалық клуб Барселона болды, ал басқа топ-клубтар оның жоғары жалақысы мен трансферлік сомасына байланысты келіссөздерден бас тартты.

Кейбір БАҚ Неймарды Еуропада қалмай, жоғары деңгейлі лигада ойнаудан бас тартқаны үшін сынап, оны «Король бола алмаған ханзада» деп атап, «Алтын допты» жеңбей жатып Еуропаны тастап кеткенін меңзеді. Алайда, Неймар лигаға басқа да жұлдызды ойыншылар – Криштиану Роналду мен Кәрім Бензема қосылғанын айтып: «Сауд Арабиясы лигасы Франция чемпионатынан да мықтырақ болса, таңғалмаймын» – деп мәлімдеді.

2023 жылдың 15 қыркүйегінде Неймар Әл-Хилал сапында дебют жасады — Әл-Рияд командасын 6:1 есебімен ойсырата жеңген матчта алаңға қосалқы ойыншы ретінде шығып, бразилиялық әріптесі Малкомның голына ассист жасады. 3 қазан күні, Неймар клуб үшін алғашқы голын соқты — АФК Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Нассаджи Мазандаран командасына қарсы ойында 3:0 есебімен сырт алаңда жеңіске жетті.

2024 жылдың қаңтарында, Әл-Хилал оны ұзақ мерзімді жарақатына байланысты тіркеуден шығарып, легионерлерге арналған 8 орынның бірін Ренан Лодиге босатты.

2024 жылдың 21 қазанында, Неймар ұзақ үзілістен кейін алаңға қайта оралды — Әл-Хилал командасының Әл-Айн клубына қарсы АФК Чемпиондар лигасындағы матчында ойнады. Алайда, бірнеше аптадан кейін ол жамбас бұлшықетінен жарақат алып, жылдың соңына дейін қатардан шығып қалды.

2025 жылдың 27 қаңтарында, клуб Неймардың келісімшартын екі жақты келісім бойынша тоқтатқанын жариялады.

Әл-Хилал сапында Неймар 7 матчта ойнап, 1 гол лып, 3 ассист жасады. Бірқатар БАҚ бұл трансферді "футбол тарихындағы ең сәтсіз трансфер" деп талқылап, қызу пікірталас тудырды.

Сантосқа оралу

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2010 жылы 10 тамызда өткізді.

2013 жылғы Конфедерациялар кубогында барлық ойында гол соғып, турнирдің үздік ойыншысы әрі жеңімпазы атанды.

2014 жылғы әлем чемпионатында 4 гол соқты, ширек финалдағы Колумбиямен ойында ауыр жарақат алып, қалған ойындарға қатыса алмады.

2016 жылы Олимпиада чемпионы атанды.

2018 жылғы әлем чемпионатында екі гол соқты.

2019 жылы 10 қазанда Сенегал құрамасына қарсы матчта құрама сапындағы 100-ші кездесуін өткізді. нобай

Жетістіктері Клубтық

Сантос

Сан-Паулу штатының жеңімпазы (3): 2010, 2011, 2012 Бразилия кубогының иегері: 2010: Либертадорес кубогының иегері: 2011 Оңтүстік Америка Суперкубогының иегері: 2012

Барселона Испания чемпионы (2): 2014/15, 2015/16 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2014/15 Клубтар арасындағы әлем біріншілігі: 2015 УЕФА Суперкубогы: 2015 Испания кубогы (3): 2014/15, 2015/16, 2016/17 Испания суперкубогы: 2013

Пари Сен-Жермен Франция чемпионы (3): 2016/18, 2018/19, 2019/20, 2021/22, 2022/23 Франция суперкубогы (2): 2018, 2020, 2022 Франция кубогы (3): 2017/18, 2019/20, 2020/21 Франция лигасының кубогы: 2017/18 УЕФА Чемпиондар Лигасының финалисті: 2019/20

Бразилия Олимпиада чемпионы: 2016 Конфедерациялар кубогы: 2013 Америка кубогының финалисті: 2021

Жеке

Бразилия күміс добының иегері: 2010 Бразилия кубогының үздік шабуылшысы: 2010 (11 гол) Артур Фриденрайх сыйлығының иегері: 2010 Оңтүстік Америка жастар командалары арасындағы чемптонаттың үздік шабуылшысы: 2011 (9 гол) Оңтүстік Америка жастар командалары арасындағы чемптонаттың үздік ойыншысы : 2011 Либертадорес кубогының үздік ойыншысы : 2011 Бразилияның жыл ойыншысы: 2011 Оңтүстік Америка жыл ойыншысы: 2011, 2012 Клубтық әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2011 Пушкаш сыйлығының иегері: 2011 Либертадорес кубогының иегері: 2012 Бразилия маусымының үздік шабуылшысы: 2012 (42 гол)

Рекордтары УЕФА Чемпиондар лигасының тарихындағы екі ширек финалда да, екі жартылай финалда да, турнир финалында да гол соққан алғашқы ойыншы (2014/15) УЕФА Чемпиондар лигасының тарихындағы бір жарыста төрт матчта бір қарсыласқа гол соққан алғашқы ойыншы (2014/15) Футбол тарихындағы Либертадорес кубогында және УЕФА Чемпиондар лигасында хет-трик жасаған алғашқы ойыншы (2013/14) УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы Барселонаның ең жылдам хет-трикін жасады Олимпиада ойындары тарихындағы ең жылдам голдың авторы

Сілтемелер Ресми сайт «Сантос» ФК ресми сайтындағы профилі СамбаФуттегі профилі tuttomercatoweb.com тегі мақала

Дереккөздер

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Әл-Хилал Эр-Рияд ФК ойыншылары