Каңнамгу (кор. 강남구, 江南區; корей тілінің жаңа романизациалануы: Gangnam-gu) — Корея Республикасының астанасы Сеул қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аудан.

Каңнамгу Сеулдегі халқы тығыз орналасқан аудандардың бірі. 2007 жылғы халық санағы бойынша бұл ауданда 560958 адам тұрады, оның ішінді 7054 шетелдік тұрғын. Әлемді дүр сілкіндірген ән осы ауданның құрметіне аталған.

Атауы Каңнамгу атауының шығу тарихын түсіну өте онай: каң (кор. 강) – «өзен», нам (кор. 남) – «оңтүстік», гу (кор. 구) – «аудан», «шекара». Сөзбе-сөз айтқанда: «өзеннің оңтүстігіндегі аудан».

Қала картасындағы орналасуы thumb|472×300px|left|Корея республикасындағы Ханган өзені Каңнамгу ауданының солтүстік шекарасын Йонсангу және Сондонгу аудандарынан Ханган атты өзен бөліп тұрады, ал шығыстағы шекарасы Тханчхон жылғасымен тоғысады. Ол жылған арғы бетінде Сонпхагу ауданы шекаралас жатыр. Каңнамгу осы сиақты тағыда көптеген Сеулдегі аудандармен шекаралас жатады.

Тарихы Чосон әулеті билік құрған кезде қазіргі Каңнамгу Дэванмён мен Ынчжумённің (Кванджу уезі, Кёнгидо провинциясы) бөлігі болған.

1963 жылдың1 қаңтарнда Кёнгидо провинциясының Кванджу және Сихын уездерінің бөліктері Сеул шекарасына бірікті.

1975 жылдың1 қазаннда Каңнамгу және Сочхогу Сондонгу құрамынан шығарылып, ал 1988 жылдың 1 қаңтарнда бір-бірінен тәуелсіз болды. 1998 жылдың мамыр айында Каңнамгу өзін-өзі басқару құқығын алды.

Жалпы сипаттама Сеулдің басқа аудандарына қарағанда Каңнамгу ауданы олардың кейінірек дамыды, бірақ та қазіргі таңда бұл аудан Кореядағы дамыған аудандарының бірі болып есептеледі.

Аудан аумағында көптеген 4-5 жұлдызды қонақ үйлер орналасқан.

Каңнамгуда 36 балабақша, 85 орта мектеп, 2 арнаулы мектеп, 3 университет (Тондок әйелдер университеті, СНА Медициналық университетінің кампусы) соған қатар 12 әлеуметтік кітапхана жұмыс істеуде.

Каңнамгу шекарасы бойында 4 метро желісі өтеді (2-ші, 3-ші, 7-ші, және Будан желісі), станциялардың жалпы саны - 20.

Ауданның назар аударарлық орындары

Каңнамгуда астаналық және провинциялық тұрғындар мен жергілікті тұрғындардың демалатын бірнеше сауда-ойын-сауық орталықтары орналасқан. Олардың ішінде: COEX|COEX сауда-ойын-сауық кешені және Апкучжондон (кор. 압구정동).

Тегеранно жолы (кор. 테헤란로, сөзбе-сөз. «Тегеран көшесі» немесе «Тегерандық көше») ауданның орталығы арқылы өтетін, негізгі көшелердің бірі. Бұл көше бойында ірі оңтүстіккореялық және мемлекеттік корпорациялардың офистері орналасқан. Арагідік ағылшындақтар бұл көшені "Тегерандық алап" (ағыл.Tegeran Valley) деп те атайды. Сол сияқты Тегерано бойында Оңтүстік Кореядағы бірнеше биік ғимараттар орналасқан. Сеул мэриясының ақпараты бойынша Тегерано көшесінде орналасқан компаниялардың ақша табысы, яғни инвестициясы 200 млрд. вона немесе 160 млн. 640 мың АҚШ доллары көлемінде болып табылады.

Ауданға «Gangnam Style» (Каңнамгу стилі) атты, оңтүстіккореялық әнші PSYдың әні арналған. Әннің бейнекөрінісі YouTube видеохостингінде 1 600 000 000-ге жуық адам көріп, "Лайк" басудан рекордытты санын жиңап, Гинес рекордатырың кітабына енді.

+Каңнамгудағы көрнекі жерлерthumb|640×464px|Gangnam метро станциясыthumb|640×464px|WTC Seoul

Бауырлас елді-мекендер Мемлекет ішінде: Чхорвон уезді, Канвондо провинциясы (7 қыркүйек 1996)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Квесан уезді, Чхунчхон-Пукто провинциясы (29 наурыз 2007)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_05.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Капхён уезді, Кёнгидо провинциясы (21 сәуір 2004)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_09.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Санджу уезді, Кёнсан-Пукто провинциясы (31 қазан 2007)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_13.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Синан уезді, Чолла-Намдо провинциясы (9 қараша 1999)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_02.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Йондогу ауданы ,Пусан қаласы, (5 шілде 2007)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_06.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Канхва уезді, Инчхон қаласы, (6 сәуір 2001)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_10.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Йондон уезді, Чхунчхон-Пукто провинциясы, (20 ақпан 2002)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_14.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Тхонъён қаласы, Кёнсан-Намдо провинциясы, (27 наурыз 2003)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_03.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Йонджу қаласы, Кёнсан-Пукто провинциясы, (27 ақпан 1998)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_07.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Посон уезді, Чолла-Намдо провинциясы, (17 ақпан 2007)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_11.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» уезді Пуё, провинциясы Чхунчхон-Намдо, (5 қазан 2001)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_08.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» қаласы Пхаджу, провинциясы Кёнгидо, (23 тамыз 2007)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_12.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат»

Серіктес елді-мекендер: Йондже ауданы, Пусан қаласы, (6 шілде 2007)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_15.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Ичхон қаласы, провинциясы Кёнгидо провинциясы, (6 сәуір 2001)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_02_04.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат»

Шекара сыртында: Чаоян ауданы (кыт. 朝阳区, пиньинь: Cháoyáng Qū), Бейжің қаласы, (18 сәуір 1996)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03.jsp > Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Риверсайд қаласы, Калифорния штаты, (11 мамыр 1999)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_01_04.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Чжуншань ауданы (кыт. 中山区, пиньинь: Zhōngshān Qū), Далянь қаласы, Ляонин провинциясы, (22 маусым 1994)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_01_02.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Личэн ауданы (кыт. 历城区, пиньинь: Lìchéng Qū), Цзинань қаласы, Шаньдун провинциясы, (15 маусым 2007)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_01_05.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат» Коммуна Волюве-Сен-Пьер (фр. Woluwe-Saint-Pierre), Брюссель қаласы, (21 маусым 1976)http://www.gangnam.go.kr/02_adm/sub05_03_01_03.jsp Каңнамгу әкімшілігінің ресми сайты. Бөлім: «Әкімшілік ақпарат»

Түсініктемелер

Дереккөздер

Санат:Корея