Петр Петрович Косырев (1909-1953) - құрылыста стахановшылар қозғалысын бастаушы. 1909 жылы Омбы қаласында туған.

Еңбек жолы 1932 жылдан бастап Шымкент қорғасын - мырыш заводының құрылысында слесарь, кейін завод кәсіподақ комитетінің өндіріс бөлімінің меңгерушісі, комсомол комитетінің секретары, слесарьлар бригадирі, механикалық цехтың мастері болып жұмыс істеді. 1935 жылы кірпіш қалауды тездету, сол арқылы құрылыс объектілерін мерзімінен бұрын тапсыруды көздеген стахановшылар қозғалысын республикада алғаш болып бастады. Өмірінің соңғы кезеңінде еліміздің қорғаныс қуатын нығайтуға үлес қосты.

Жетістігі Қазақстанда құрылыста стахановшылар қозғалысын бастаушы. 1935 жылы 1-Бүкілодақтық стахановшылар съезіне қатысқан.ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.

Дереккөздер

Санат:1909 жылы туғандар Санат:Омбыда туғандар Санат:Стахановшылар