Жақаш — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Суханбаев ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде, боз жусан, ши, жүзгін аралас сортаңды шөп өскен құмайтты сор, сортаңды, сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1005640 1052 164,4 308 532 172,7 332 520 156,6

Тарихы Іргесін 1929 жылы "Батырақ" ауыл шаруашылығы артелін ұйымдастырушылар қалаған. 1962-1997 жылдары Фрунзе атындағы қызылша өсіретін ұжымшардың орталығы болды. Ауылға Тұрар Рысқұловтың серігі Жақаш Мамыровтың есімі еліміз егемендік алғаннан кейін облыс әкімінің 06.07.1992 жылғы №60 шешімімен берілді.

Ауыл маңы Ауылда "Сәмбет" каналы бар. Оның ұзындығы 10 км. Талас өзенінен басталып, Тегістік, Жақаш, Қарасу және Көкөзек ауылдарын басып өтеді.

Сонымен бірге ортағасырлық тарихы бар "Қоңыртөбе" (төбенің қоңыр түсті топырағына байланысты) деп аталатын жота бар.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданы елді мекендері