Англия Ұлттық футбол құрама командасы () — Англияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Англия футбол қауымдастығының қол астында бақылауда болады. Анлия футбол қауымдастығы әлемдегі ең бірінші құрылған футбол ұйымы. 1863 жылы негізі қаланып, ол 1905 жылы ФИФА мүшесі және 1954 жылдан бастап УЕФА мүшесі болып келеді.
Тарихы thumb|left|Англия құрамасының Шотландияға қарсы ойынға дейін түскен суреті, Ричмонд, 1893 жыл Англия ерлер ұлттық футбол құрамасы — әлемдегі ең көне құрамалардың бірі; ол Шотландия құрамасымен бір уақытта құрылған. Англия құрамасы алғашқы кездесуін 1872 жылы 30 қараша күні Шотландияға қарсы өткізді. Бұл — футбол тарихындағы тұңғыш ресми матч еді. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Англияда 18 ғасырда-ақ футбол лигалары құрылып, ішкі біріншіліктер өткізіле бастады да, футбол өзге елдердегіден гөрі көп алға ілгерілеп кетті. Сол себепті да ағылшындар 1904 жылы құрылған ФИФА-ны және олар ұйымдастырған әлем чемпионатын көп жылдарға дейін мойындамай жүрді де, ФИФА-ға 1946 жылы (екінші рет, алдын да аз ғана уақыт мүше боп, қайта шығып кеткен) тіркелді.
Әлем чемпионаттарында 1950 жылғы әлем чемпионатына фаворит ретінде барғанымен, екінші турда күтпеген жерде АҚШ-тан ұтылып масқара болды. Бұдан кейінгі турнирлерде де өзгелерден оза алмай, өздерінің басқалардан артық түгі жоқ екенін біртіндеп мойындай бастады. Тек, 1966 жылы өз елінде өткен турнирде ғана әлем чемпионы атанды. Финалда: 4:2 есебімен ГФР-ді ұтты, сол ойында ағылшын футболшысы Джефф Херст үш гол соқты (Херст финалдық ойындарда хет-трик жасаған тарихтағы жалғыз футболшы).
Кейін тек екі рет қана әлем чемпионатының жартылай финалына шықты: 1990, 2018. 1990 жылы ГФР құрамасынан тек пенальтилер арқылы сүрінді де, үшінші орын үшін кездесуде Италияға жол берді — 1:2.
2018 жылы жартылай финалда Хорватиядан қосымша уақыттарда 1:2 есебімен ұтылды. Ал үшінші орын үшін ойында Бельгиядан ұтылды -— 0:2.
УЕФА Ұлттар лигасы 2018/19 жылғы Ұлттар лигасында жартылай финалда Нидерландтан 1:3 есебімен ұтылды. Үшінші орын үшін ойында Швейцарияны пенальтилер арқылы ұтты.
Еуропа чемпионаттарында Еуропа чемпионатында екі рет қана (1968, 1996) жартылай финалға жеткен.
1996 жылы өз елінде өткен чемпионатта Германиядан пенальтилер сериясында ғана сүрінді. Ал 2000 жылы күтпеген жерде топтан шыға алмады. Топтық турнирде Португалияны 2:0, Румынияның 2:1 есептерімен ұтып тұрып жеңіліп қалды. Ал Германиямен ойындағы жалғыз жеңісі топтан шығуға көмектеспеді.
2004 жылы топтан шыққанымен, ширек финалда Португалиядан пеналтилер арқылы ұтылды. Ал 2008 жылғы чемпионатқа қатыса алмады. Мүмкіндіктері болғанымен, шешуші турларда Ресей мен Хорватиядан жеңіліп қалды.
2012 жылы 1/4 финалда Италиядан, 2016 жылы 1/8 финалда Солтүстік Ирландияға есе жіберді.
Жетістіктері Әлем чемпионы: 1966 Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1990, 2018 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1968, 1996
Құрамы 2021 жылғы Еуропа чемпионатындағы құрамы №ФутболшыКлубТуған күніҚақпашы1Джордан ПикфордЭвертон7 наурыз 199413Дин ХендерсонМанчестер Юнайтед12 наурыз 199713Эрон РамздейлШеффилд Юнайтед14 мамыр 199823Сэм ДжонстонВест Бромвич Альбион25 наурыз 1993Қорғаушы2Кайл УокерМанчестер Сити28 мамыр 19903Люк ШоуМанчестер Юнайтед12 шілде 19955Джон СтоунзМанчестер Сити28 мамыр 19946Гарри МагуайрМанчестер Юнайтед5 наурыз 199312Киран ТриппьерАтлетико Мадрид19 қыркүйек 199015Тайрон МингзАстон Вилла13 наурыз 199316Конор КоудиВулверхэмптон Уондерерс25 ақпан 199321Бен ЧилуэллЧелси21 желтоқсан 199622Бен УайтБрайтон энд Хоув Альбион8 қазан 199724Рис ДжеймсЧелси8 желтоқсан 1999Жартылай қорғаушылар4Деклан РайсВест Хэм Юнайтед14 қаңтар 19997Джек ГрилишАстон Вилла10 қыркүйек 19958Джордан ХендерсонЛиверпуль17 маусым 199014Калвин ФиллипсЛидс Юнайтед2 желтоқсан 199519Мейсон МаунтЧелси10 қаңтар 199920Фил ФоденМанчестер Сити28 мамыр 200025Букайо СакаАрсенал5 қыркүйек 200126Джуд БеллингемБоруссия (Дортмунд)29 маусым 2003Шабуылшылар9Харри Кейн (к)Тоттенхэм Хотспур28 шілде199310Рахим СтерлингМанчестер Сити8 желтоқсан 199411Маркус РашфордМанчестер Юнайтед31 қазан 199717Джейдон СанчоБоруссия (Дортмунд)25 наурыз 200018Доминик Калверт-ЛьюинЭвертон16 наурыз 1997Бас бапкерГарет Саутгейт3 қыркүйек 1970
ЕВРО 2024
+ҚұрамОйыншыЖасыКлубыҚақпашыларДжордан Пикфорд30ЭвертонАрон Рамсдейл26АрсеналДин Хендерсон27Кристал ПэласҚорғаушыларКайл Уокер34Манчестер СитиЛюк Шоу28Манчестер ЮнайтедДжон Стоунз30Манчестер СитиМарк Гехи23Кристал ПэласТрент Александер-Арнолд25ЛиверпульКиран Триппьер33Ньюкасл ЮнайтедЭри Конса26Астон ВиллаЛьюис Данк32Брайтон энд Хоув АльбионДжо Гомес27ЛиверпульЖартылай қорғаушыларДеклан Райс25АрсеналДжуд Беллингем20Реал МадридФил Фоден24Манчестер СитиКонор Галлахер24ЧелсиКоул Палмер22ЧелсиАдам Уортон20Блэкберн РоверсКобби Мейну19Манчестер ЮнайтедШабуылшыларБукайо Сака22АрсеналГарри Кейн30БаварияАйван Тоуни28БрентфордЭнтони Гордон23Ньюкасл ЮнайтедОлли Уоткинс28Астон ВиллаДжаррод Боуэн27Вест Хэм ЮнайтедЭберечи Эзе25Кристал ПэласБапкерГарет Саутгейт
Әлем чемпионаттарындағы мергендері Ойыншы Гол 1950 1954 1958 1962 1966 1970 1982 1986 1990 1998 2002 2006 2010 2014 10 6 4 5 4 1 4 1 3 4 2 2 3 1 1 1 3 2 1 3 3 3 3 3 3 2 2 2 1 1 2 2 2 2 2 2 2 1 1 2 2 2 2 1 1 Питер Бирдсли 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Барлығы 79 2 8 4 5 11 4 6 7 8 7 6 6 3 2
Автоголдар Джимми Дикинсон (Бельгияға жазылған 1954)
Сiлтемелер
Official website at the FA's website englandstats.com – England statistics since 1872 England football online IFFHS Archive: 1872–1900, 1901–1910, 1911–1920 Complete Results and Line-Ups
Тағы қараңыз Англия — АҚШ футбол матчы (ӘЧ-1950) Аргентина — Англия футбол матчы (ӘЧ-1986) Футболдан 1966 жылғы әлем біріншілігі (финал)
Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасы