Куаңжу́ — ауқымы бойынша Оңтүстік Кореядағы 6 орынды алатын қала. Куаңжу ешбір провинция құрамына кірмейтін тікелей орталыққа бағынатын қала. Бірақ бұл жерде Чолла-Намдо провинциясының үкіметі орналасқан.
Тарихы Қаланың негізі б.з.д 57 жылы салынған. Пэкче мемлекетінің әкімшілік орталықтарының бірі болған. Бұл жерде корей поэзиясының стилі — каса пайда болған.
1914 жылы қаланы Сеулмен теміржол арқылы біріктірген. Осыдан кейін бұл жердегі өнер кәсіп қарқынды дами бастады.
1929 жылы, яғни, Жапонияның отарлық саясаты кезінде, жапон және корей студенттері арасында аймақтық қақтығыстар орын алды.
1980 жылдың 18 мамыры мен 27 мамыры аралығында Куаңжу көтерілісі (кор. 광주 민주화 운동, Gwangju minjuhwa undong; "Куаңжу демократияландыру қолғалысы") өткен. Бұл көтеріліс наразылық акциясы бола, мемлекеттік күштер қатысушыларды аяусыз басып-жаншып өткен оқиға болып тарихта қалған.