Оңтүстік Осетия (; толық ресми атауы Оңтүстік Осетия Республикасы ) — Оңтүстік Кавказ жерінде орналасқан Грузия аймағы.
Халықаралық құқықтық жағдайы Оңтүстік Оссетияны Біріккен Ұлттар Ұйымының бес мүшесі мойындаған (Ресей, Никарагуа, Венесуэла, Науру және Тувалу). Бірақ Ұйымның қалған мүшелері Оңтүстік Оссетияны Грузияның бір бөлігі деп санайды. Грузияның әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Оңтүстік Оссетияның территориясында Шида-Картли, Мцхета-Мтианети, Имерети и Рача-Лечхуми және Квемо-Сванети деген өлкелер орналасқан. Грузия Конституциясына сүйенсек, Оңтүстік Оссетия бұрынғы Оңтүстік Осетин автономиялы облысы болып саналады, кейбір құжаттарда Цхинвал аймағы деп аталады.
Оңтүстік Оссетия 1922 жылдан бастап, 1990 жылға дейін Грузин ССР құрамында автономиялық облыс болып саналды. Оңтүстік Осетин автономиялы облысы жойылғанда Грузияның Жоғарғы Кеңесі оны бірнеше әкімшілік аудандарға: Ахалтаулы, Джавты, Карельді, Онды, Сачхерді және Таулы деп бөлді.
Географиясы Оңтүстік Оссетияның жер аумағы 3900 км². Солтүстіктен оңтүстікке қарай 79 км-ге, ал батыстан шығысқа қарай 88 км-ге созылады.
Географиялық шеткі нүктелер: – солтүстік – оңтүстік – батыс – шығыс
ООР аумағының 89,3%-ы 1000 және 1000-нан астам биіктікте орналасқан.
Таулы рельеф. Елдің ең биік нүктесі – Халаца тауы, 3938 метр.
Бас Кавказ жотасы елдің аумағын солтүстік суық желдерден қорғайды. Сондықтан Оңтүстік Оссетияның орташа температурасы Кавказға қарағанда жоғарырақ: қаңтардың орташа температурасы +4,5 °C, ал маусымның орташа температурасы +20,3 °C.
Жылдың орташа жауын-шашын мөлшері 598 мм.
Елдің ең үлкен көлдері – Келистба, Эрцо, Цетелихат және Кведи.
Елдің ең ұлкен өзендері – Үлкен Лиахва, Ксани, Кіші Лиахва.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Джау ауданы, әкімшілік орталығы – Джау кенті Знаур ауданы, әкімшілік орталығы – Знаур кенті Ленингор ауданы, әкімшілік орталығы – Ленингор кенті Цхинвал ауданы, әкімшілік орталығы – Цхинвал қаласы Цхинвал қаласы
Шекаралары Оңтүстік Оссетияның жалпы шекара ұзындығы 474 км. Соның 400 км-і Грузия шекарасы. Оссетия-Грузия шекарасында 20 шекара бекеті құрылған. Осы шекараны 890 шекара күзеттері күзетіп отыр
Оңтүстік Оссетиямен Ресейдің шекарасы 74 км-ге созылады. Осы шекара Бас Кавказ жотасымен өтеді. 2010 жылдың 1 ақпанында Оңтүстік Оссетия мен Ресей арасында шекараны визасыз өту туралы келісім шарт қабылданған.
Мемлекеттік мерекелер мен еске алу күндері Мерекелік жұмыссыз күндер:23 ақпан – Отан қорғаушы күні8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні1 мамыр – Көктем мен еңбек күні9 мамыр – Жеңіс күні29 мамыр – Оңтүстік Оссетия Республикасының тәуелсіздігін жариялау Актың қабылдау күні12 маусым – Ресей күні27 маусым – Оңтүстік Оссетияның жастар күні26 тамыз – Ресей Оңтүстік Оссетия Республикасының тәуелсіздігін мойындау күні20 қыркүйек – Оңтүстік Оссетияның тәуелсіздік күні21 қыркүйек – Мадымайрам – Аса қасиетті Құдай ананың Рождествосы
Соған қоса тағы бірнеше жұмыссыз күндер: 1 қаңтар, 5 қаңтар, 7 қаңтар, 4 наурыз, 4 қараша және 23 қараша.
Мерекелік жұмыс күндер:17 наурыз – Пасха8 сәуір – Конституция күні21 сәуір – Ғылым күні15 мамыр – Осетин тілі мен әдебиет күні28 мамыр – Дипломатиялық жұмыскер күні14 шілде – Оңтүстік Оссетияның бейбітшілік күні23 шілде – Оңтүстік Оссетияның Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлер күні9 қыркүйек – Ресей Федерациясымен дипломатиялық келісім жасалған күн20 қыркүйек – Республиканы жариялау күні27 қыркүйек – Оңтүстік Оссетияның туризм күні15 қазан – Осетин ақыны мен филантропы Костя Леванович Хетагуровтың туған күні – 1859 жыл23 қараша – Джеоргуба – Әулие Георгий мерекесі, қарашаның үшінші жексенбісінде тойланады
Еске алу күндері:18 наурыз – Оңтүстік Оссетиядағы Еред апатындағы құрбандарды еске алу күні20 мамыр – Оңтүстік Оссетияның ұлттық қаралы күні23 қараша – Оңтүстік Оссетия мен Грузияның бір-біріне қарсы тұрудың басы күні
Осы елде туған танымал адамдар Геннадий Лалиев
Тағы қараңыз Абхазия
*