Жамбыл — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Қаскелең қаласынан солтүстікке қарай 6 км-дей жерде, Қаскелең өзенінің оң жағалауы мен сол жағалауындағы боз, селеу, жусан өскен қызыл қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан. Оң жағалау ауылдың ескі орталығы. Сол жағалау 2011 жылдан бастап салынған жаңа тұрғын үйлер.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18332504 6262 250,1 1179 3101 263 1325 3161 238,6
Тарихы мен әлеуметтік ахуалы Іргесі 1935 жылы Қазақ егіншілік ҒЗИ-ның бөлімшесі ретінде қаланды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары егін және мал шаруашылығымен айналысады. Бірақ қалаға жақындығы үшін жайылымдық және егін егетін жер азайып келеді. Жаңадан келіп қоныстанушылар көп. Халықтың көбі қалаға барып келіп жұмыс жасайды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, балабақша, бильярд салоны, медпункт, өте ескі Қазпочта ғимараты, ескі әкімдік ғимараты, шағын маркет сауда орындары, жол бойындағы кафелер т.б. бар. Ауылда электр жарығы, газ, су бар. Канализация жоқ. Қоқыстарды жинау, өңдеу қызметі жоқ. Сол себепті экологиялық ахуалы нашарлап кеткен. Инфрақұрылым нашар дамыған немесе өте ескірген. Әкімшілік ғимараты мен почта соғыстан бұрын салынған. Медпункт ескі, аурухана жоқ. Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп 1982 ж. салынған 3 қабатты ғимарат, оқитын балалардың саны 1063http://e-passport.aocnit.kz/index.php?option=com_k2&view=itemlist&task=category&id=380:%D0%B6%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D1%8B%D0%BB-%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0-%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF&Itemid=29&lang=kz . балалардың саны жылдан жылға оралмандардың, басқа облыстардан көшіп келушілердің есебінен артып келеді, Жамбыл аулындағы барлық балалар бір мектепке сыймайды, сондықтан балалардың бір бөлігі басқа ауылдарға немесе қалаға барып оқиды. Орталық көшелерге ғана асфальт жол төселген. Басқа көшелеріне тек тас төселген. Ауылдан шыққан меценаттардың қаржысына 1000 адамдық "Мұса" мешіті салынған. Мешіт жанында медіресе салынған. "Мұса" мешіті ауылдың көркі саналады. Ауылдың ортасынан М-36 респубилкалық трассасы өтеді. Автотрасса бойында "Жаңа ауыл" рестораны, тамақтану орындары, бильярд залы, қонақүйлер, жанармай бекеттері бар. Ауылдың халқы 1990 жылдардың ортасынан бастап жылдам өсіп келеді. Оралмандарды көшіру бағдарламасымен және өз еркімен Өзбекстан, Қарақалпақстан елдерінен келген мигранттар көп. Алматы мен Қаскелең қалаларына жақын болғандықтан перспективасы бар жерлердің бірі саналады. Жер бағасы да қымбаттай түскен.]Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қарасай ауданы елді мекендері