Житник Федор ТимофеевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының бригадирі. 1905 жыл Украинада, Харьков облысы, Богодухов ауданы, Дмитровка селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін 1929 жылы алғашқылардың бірі болып Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданы, Сталин атындағы колхозға жұмысқа кіреді. 1934 жылдары 4-ші егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады. Ұлы Отан соғысында болып Москва қорғанысына және Берлинді алу шабуылына қатысып, "За оборону Москвы" және "За победу над Германией" медальдарымен марапатталған. 1945 жылы еліне қайтып, өз бригадасымен жұмысын жалғастырады. 1947 жылы оның бригадасы мол өнім алады: 700 гектар барлық астық дәнді дақылдар алқабының әр гектарынан жоспарда межеленген 11,8 центнердің орнына 15.2 центнерден өнім жинайды. Ал жаздық бидай себілген 46,5 гектардың әр гектарынан 30,8 центнерден бидай алады. 1949-1961 жылдары - Панфилов атындағы және "Заря коммунизма" колхоздарының председателі. 1962 жылдан "Жоламан" қой совхозының үшінші фермасын басқарды. 1939 жылдан КОКП мүшесі. 1937-1941 жылдары - еңбекшілер депутаттарының аудандық Советінің депутаты. 1948 жылы - Холмогор ауылдық советінің депутаты.
Наградалары "15 лет КазССР" төсбелгісі (1935) Бүкілодақтық Ауылшаруашылық көрмесінің кіші күміс медалі (1938) "Құрмет белігісі" (1940) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері