Павел Петрович КриниченкоГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, мол түсімді егіннің егіншілері тобының звеношысы. 1888 жылы Украинада, бұрынғы Херсон гуверниясында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1898 жылы әкесімен Талдықорған облысына (қазіргі Алматы облысы) қоныс аударады:1915 жылы патша армиясында болады; 1917 жылы қызыл партизан қатарында болып Кеңес Өкіметі үшін күреседі. 1929 жылы Сарқант ауданындағы "Всемирное пламя" ауылшаруашылық артелінде звеношы болып, колхоз жұмысын жандандыруға ат салысады: 1938 және 1944 жылдары жоғары өнім алған үшін Сарқант аудандық еңбекшілер депутаттары Советінің Құрмет Грамотасымен наградталады. 1947 жылы күздік бидайдың 13 гектар жерінің әр гектарынан 29 центнерден, ал 8 гектар жердің әр гектарынан 30 центнерден рекордты өнім алады.

Наградалары Құрмет Грамотасы (1938), (1944) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері