Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс - Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүргізілетін жаңа пән. Бұл пән кіріктірілген оқу бағдарламасына 2012 жылы енгізілді. Негізгі мақсаты - білім алушылардың сыни және терең ойлай білу дағдыларын дамыту және олардың ой-өрістерін кеңейту.

Пәннің мақсаты Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс оқушылардың мынадай дағдыларын дамытуды көздейді: түрлі перспективалар мен көзқарастарды сыни талдай білу ойлау және өз көзқарасын дәлелдей білу өз көзқарасына рефлексия жасай білу ғылыми зерттеу коммуникативтік

Пәннің мазмұны Жаһандық перспективалар пәні дамытатын дағдылар бірнеше оқу элементтеріне бөлінеді. Оқу элементтері де суб-элементтерге бөлінеді. Аталған суб-элементтер пәннің негізгі оқу мақсаттарын құрайды. Бұл оқу мақсаттары келесідей: Сыни ойлау – қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді анализден өткізу. Зерттеу - қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді дәлелдейтін информацияны анализден өткізу. Рефлексия – зерттеудің адамның көзқарасына әсерін анықтау. Коммуникация – перспективаны, информацияны және зерттеуді тиімді және сенімді түрде жеткізу.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Назарбаев зияткерлік мектептері

Сыртқы сілтемелер Cambridge International AS Level Global Perspectives Syllabus