‎‎Сілеті бөгені — Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерінде, Сілеті өзенінің бойында 1965 жылы салынған. Машина жасау, тамақ өнеркәсібі дамыған Степногорск қаласын ауыз сумен және техникалық сулармен қамтамасыз етеді.

Гидрологиялық сипаты Суының минералдылығы мен химиялық құрамы Сілеті өзенінің деңгейіне және жер асты суының көтерілуіне тікелей байланысты. Су жинайтын алабы 200 км². Төңірегіндегі егісті алқапты суландырады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ақмола облысы гидрографиясы