Ақшымырау ауылдық әкімдігі — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы әкімшілік бірлік. 2016 жылға дейін Ақшымырау ауылдық округі деп аталған.Маңғыстау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Тарихы Ауылдық округ 2000 жылы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Қызан селосы құрамынан бөлініп, Ақшымырау селосы әкімі аппараты болып құрылды.

Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Ақшымырау ауылы.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1117 адамды (571 ер адам және 546 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы ауылдық округтері