Егізшоқы немесе енеке қараторғайы () — тек Африка континентіде кең таралған Торғайтәріздестер отрядінің құстары. Бұл құстардың ерекшелігі - ірі қара малға, пілдер, мүйізтұмсықтар, әсіресе енекелерге үйір болуы. Жануардың арқасына отырып алып сонымен бірге ұзақ жолсерік болып, соның терісіндегі құрт-құмырсқалармен, қандалалармен, биттерімен көректенеді. Бірақ бұл симбиоз ірі мал үшін айтардай пайдалы емес. Себебі құстардың тұмсығымен сол мал терісін жарақатталғанның нәтижесінде патогендік микрофлораны жұқтырады. Құстар ол малдың қанын да арасында ішеді.
Биологикалық сипаттама Егізшоқылар - ірі емес (кәдімгі қараторғайдай) құстар, басқа құстардаң тек қана "тұрмыс дәстүрімен" ғана емес, тұмсығының және аяқтарының құрылысымен де ерекшеленеді. Тұмсығы әлуетті, қысқаш сияқты, енді, тұмсығының табаны - дөңгелек тәрізді, ұшы - қайырылған. Аяқтары да өте күшті, қатты қайырылып қалған өткір тырнақтарымен. Қанаттары ұзын. Құйрығы еді, үшбұрыш тәрізді. терісі өте қалың болады. Түсі - көбінесе сұрғылт емесе қоңыр, төменгі жағы - ақшылдау. Көзі - қызғылт, тұмсығы да ашық түсті сары немесе қызыл.
Таралуы Егізшоқылар тек Африкада Сахара даланың оңтүстігінде ғана кездеседі.
Пайдалынған әдебиеттер Жизнь Животных т.6 Птицы М.: Просвещение 1986 “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
Сыртқы сілтемелер https://species.wikimedia.org/wiki/Buphagus?uselang=ru
Санат:Торғайтәрізділер Санат:Африка құстары