Расщупкин Иван ПавловичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке МТС-ның тракторшылар бригадасының бригадирі (1945). 1915 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 12 жасынан бастап жұмысқа араласады. 1935-1939 жылдары Мерке МТС-да тракторшы, одан кейін тракторшылар бригадасының бригадирі болады. Ұлы Отан соғысы кезінде, майданда болып, ауыр артиллерияда қуатты трактор-сүйреткішті жүргізеді. Армия қатарында Қызыл Жұлдыз және "III дәрежелі Даңқ" орденімен, сонымен қатар "За боевые заслуги", "За оборону Кавказа", "За освобождение Варшавы", За взятие Берлина" және "За победу над Германией" медальдарымен марапатталған. 1945 жылы соғыстан орлаған соң "Красный Восток" колхозында тракторшылар бригадасының бригадирі болып тағайындалады. Трактор шаруашылығын ретке келтіріп, тракторлық жұмыстардың жоспарын 108%-ке орындап 1946 жылды табыспен аяқтайды. 1947 жылы оның бригадасының қызмет көрсетуімен колхоз 100 гектар қант қызылшасы алқабының әр гектарынан 402 центнерден өнім алады.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері