Синицын Александр ЛьвовичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Жамбыл МТС-ның аға агрономы (1938). 1891 жылы Украинада, Полтава облысы, Чутовск ауданы, Искровка селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1912 жылы Дергачев ауыл шаруашылығы училищесін бітіріп, агроном мамандығын алады. 1922 жылы азамат соғысынан оралған ол Шевченко атындағы совхозда агроном болып, 1927-1937 жылдары Украинаның қант зауытында істейді. Содан кейінгі жылдары ҚырғызССР-на қоныс аударып, онда 1,5 жылдай агроном болады. 1938 жылдан Қазақстанға келіп, Жамбыл МТС-ның аға агрономы болып еңбек етеді. 1946 жылы МТС-ның қызмет көрсеткен колхоздардың егіндіктен мол өнім алғаны үшін А.Синицын Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталады. 1947 жылы колхоздар 210 центнердің орнына әр гектардан 328 центнерден, ал 294 гектар алқаптың әр гектарынан 496 центнерден өнім алады.
Наградалары Еңбек Қызыл Ту ордені (1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері