Цой Ольга Семеновна (1924-2002)Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, Ворошилов атындағы колхоздың звеношысы (1947). 12 тамыз 1924 жылы Ресейде,Хабаровск өлкесі, Сталин атындағы селода туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1944 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Ворошилов атындағы колхозға жұмысқа кіріп, аз уақыт ішінде егіншілер тобының звеношысы болады. 1946 жылы оның тобы күріш алқабының әр гектарынан 30 центнерден өнім алып, жоспарды артығымен орындайды. 1946 жылы біргектаршы болып істеп, өзіне бекітілген гектардан 550 центнер қант қызылшасын алады. 1947 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалып 2 гектардың әр гектарынан 809 центнерден және өздеріне бекітілген алқаптың әр гектарынан 349 центнерден өнім жинап, ойдағыдай көрсеткіш көрсетеді.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Герои страны История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері