Шоманова ЖезбалаГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Белбасар колхозының звеношысы (1947). 1923 жылы Шу ауданында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі Еңбек жолын 1943 жылы Белбасар колхозында қызылша өсіруші болып бастап, жоғары өнім алу жолында тынбай еңбектенеді. Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік жұмысы үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. 1947 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалып, қажырлы еңбектерінің арқасында 2 гектар мол түсімді алқаптың әр гектарынан 805 центнерден, орташа түсімді қалған жердің әр гектарынан 524 центнерден өнім жинаған.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері