Қоскіндік - жас төлдің түспеге кіндігіне микробтың енуіен пайда болатын ауру. Бұл ауру төл лас орында күтіліп, тазалық шаралары сақталмаған шаруашылықта жиі кездеседі. Әдетте төлдің кіндігінің қалдығы 4-8 күнде түсіп, орны тыртық болып жазылады. Қоскіндікте төлдің кіндік қалдығы дымқылданып, төңірегі іседі, дене температурасы көтеріледі, ауру асқығанда төл өліміне қауып туады. Емі: Қоскіндікте төлдің зақымдалған кіндік қалдығын сылып тастап йод жағады, марганец қышқыл калий ертіндісімен күйдіреді, страптоцид себеді, құрсақтың көк етіне новокаи қосылған стрептоцид жіберіледі.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Санат:Ветеринария