Франкфурт бітімі (1871) (; ) — Германия мен Франция арасындағы бітім шарты.

Бұл шарт бойынша Франция-Пруссия соғысы (1870–1871) тоқтатылды. Франкфурт бітімі негізінде Германия Эльзас пен Лотарингияы аннексиялауға, Франция үш жыл ішінде 5 млрд. франк контрибуция төлеуге, герман әскерлері бірқатар фрацуз департаменттерін оккупациялауға тиісті болды. Бітім шарттарын жасау 1871 жылғы наурызда Париж коммунасының жариялауына байланысты тоқтап қалды. Бітім жөніндегі келісім сөздер 1871 жылғы 6 мамырда қайта басталып, 10 мамырда Майндағы Франкфуртта Франкфурт бітіміне қол қойылды. Франкфурт бітімі шарттарының күші Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін сақталды.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Дереккөздер

Санат:Германия империясының халықаралық келісім-шарттары Санат:Герман-француз қатынастары Санат:XIX ғасырдың бейбітшілік шарттары Санат:Үшінші республика кезеңіндегі Франция шарттары Санат:Франция-Пруссия соғысы Санат:Германия аумағы өзгерістері Санат:Франция аумағы өзгерістері Санат:1871 жылғы мамыр