Фюрер ( — «көсем», «жетекші») — нацисттік Германиядағы 1934—1945 жылдарда ел басының және Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының (1921—1945) көшбасшысының ресми титулы. Бұл титулды ресми түрде тек Адольф Гитлер ұстаған.
Тарихы «Фюрер» лауазымын 1934 жылы тамыз айының 9 жұлдызында Веймар Республикасының рейхпрезиденті Гинденбургтің өлімінен кейін Гитлер иеленген. Заң бойынша, жаңадан қабылданған фюрер және рейхсканцлер лауазымы президент және канцлер лауазымдарын біріктірді. Бұл лауазым Гитлерді Германияның жеке-дара басшысы етті. . «Фюрерлік қағида» () ұрандар «Бір халық, бір мемлекет, бір көсем» () деп есептелген, нацисттік партиядан насихатқа ие болған.
Қазіргі таңдағы қолданылысы Қазіргі кезде бұл сөз (ирониялы түрде) кез—келген охлократия көсеміне сәйкес қолданылады.
Сөз көптеген сөздердің құрамдық бөлігі болып табылады. Мысалы: Lokführer (машинист), Spielführer (топ капитаны), Führerschein (көлік жүргізу төлқұжаты) және т.б.
Тағы қараңыз Көсемшілдік Дуче Охлократия
Дереккөздер
Санат:Титулдар Санат:Нацистік үгіт-насихат