thumb|Ашық кабиналы автожир Автожир ( — өзі және  — айналу) - қарсы бағытталған ауа ағымымен өзінің вертикаль ораласқан осінде айналатын ауа винты (роторы) бар винт қанатты ұшу аппараты (испан инженері Хуан де ла Сиерва 1919 ж. жасаған). Басқа аттары - гироплан, гирокоптер, ротаплан. Автожир тікұшақ винті типтес осі көлденең орналасқан винт көмегімен ұшады. Винтті двигатель айалдырады. Автожирдің ұшу жылдамдығының диапазоны кең - 40-таң 220 км/сағатқа дейін. Автожир көп жүрмей-ақ көтеріліп, жерге бірден қона алады. Бірақ Автожир конструкциясы күрделі, ауада бір орында тұра алмайды. Қазіргі таңда Автожир орнын вертолет сияқты жетілдірілген винт қанатты ұшу аппараттары басты. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Ұшу аппараттары