Петрос Иеронимович Адамян () — армянның көрнекті трагик актеры.
Алғашқыда әуесқой театрлар спектакліне қатысады. Актердың өнер жолы 1866 жылы басталады. 1879 жылы Ресейге келіп, армян труппасында Тифлис, Баку және Мәскеу, Петербург, Одесса, Киев, Харьков қалаларында өткен театр гастролінде ойнаған.
Психологиялық нәзік талдау, ой тереңдігі мен каһармадыққа толы романтикалық бағыт - Адамянның актерлік творчествосына сай қасиет.
Орындаған ролдері Хлестаков - Н.В.Гоголь, "Ревизор" Гамлет - Шекспир, "Гамлет", ролін армян тілінде тұңғыш орыдаған Отелло - Шеспир, "Отелло" Лир - Шекспир, "Король Лир" Франц Моор - Шиллер, "Қарақшылар" Арбенин - Лермонтов, "Маскарад" Микаэл - Судукян, "Тағы бір құрбандық" Масисян - Сундукян, "Хатабала"
Репертуарындағы роль саны - 200-ден астам.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Дереккөздер