Азов маңындағы қырат - Украинаның оңтүстік-шығысындағы қырат. Биіктігі - 324 м-ге дейін (Могила-Бельмак). Оңтүстікке қарай келбеуленіп барып аласарады. Лесс тәрізді жыныстар жауып жататын кристалдық фундаментте тұрады. Оңтүстігі қара топырақты. Беткейлерінде бетеге, боз, дала өсімдіктер өседі. Азов маңындағы қыраттың көріністері
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Украина географиясы Санат:География