Айғыр қияқ, еркек қияқ () - Қияқ туысына жататын өсімдік.

Айғырқияқ, еркекқияқ , құмқияқ (Elymus gіganteus) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр сабақты шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жазық аймақтарында, құмды, құмайт далаларында, сортаң жерлерінде, шабындықтарында өседі. Биіктігі 50-100 см, сабағы тік, қырлы, тықыр, тамыры ұзын, төселмелі келеді. Жапырағы таспа тәрізді, үстіңгі беті бұдырлы, сұрғылт жасыл түсті болады. Масақгүлі қалың, жасыл күлгін түсті, 3-6 гүлден тұрады. Өсімді (вегетативті) жолмен және тұқымынан көбейеді. Жемісі бір тұқымды. Тұқымында 11% белок, 12-18% протеин бар. Айғырқияқ — құнарлы мал азығы, сондықтан гүлдемес бұрын сүрлем, пішендеме даярлау үшін шабылады. Биологиялық бағалы қасиеттеріне байланысты будандастырып, өнімді өсімдіктер алу үшін де пайдаланылады. Айғырқияқ құмды бекіту үшін және жайылым өсімдігі ретінде кейбір аймақтарда қолдан өсіріледі.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Биологиялық сипаттамасы Көпжылдық биіктігі 50-100 см шөптес өсімдік.

Жапырағы сұрғылт жасыл, қатты.

Тамыры ұзын да көлбеу.

Гүл шоғыры масақ тәрізді.

Таралуы Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Кавказда, Батыс және шығыс Сібірде, Орта Азияда өседі.

Пайдалауы Масақ шығарғанға дейін және дәні сүттенген кезде мал жақсы жейді, пішенге, сүрлемге арнап гулдемес бұрын шабады. Тұқымында 10,9% қорытылатын ақуыз бар. Биологиялық құнды қасиеттеріне байланысты ол жаңа, өнімді будандар алу үші де пайдаланады .

Айғыр қияқ құмды бекіту үшін және жайылым өсімдігі ретіде бірталай жерлерде қолдан егіп өсіріледі.

Синонимдар "The Plant List" мәліметі (2010 ж.) бойынша, синонимдары: Elymus arenarius|S.G.Gmel. Elymus arenarius|var=giganteus|(Vahl) Schmalh. Elymus arenarius|subsp=sabulosus|(M.Bieb.) Beldie Elymus arenarius|var=sabulosus|(M.Bieb.) Schmalh. Elymus attenuatus|(Griseb.) K.Richt. Elymus giganteus|Vahl Elymus giganteus|var=attenuatus|Griseb. Elymus giganteus|f=attenuatus|Griseb. Elymus giganteus|var=crassinervius|Kar. & Kir. Elymus giganteus|f=crassinervius|Kar. & Kir. Elymus giganteus|var=cylindraceus|Roshev. Elymus giganteus|var=sabulosus|(M.Bieb.) Hack. Elymus macrostachys|Spreng. Elymus mexicanus|Cav. Elymus racemosus|Lam. Elymus racemosus|var=sabulosus|(M.Bieb.) Bowden Elymus sabulosus|M.Bieb. Elymus sabulosus|var=depauperatus|Bornm. Hordeum giganteum|(Vahl) Raspail Leymus giganteus|(Vahl) Pilg. Leymus racemosus|subsp=crassinervius|(Kar. & Kir.) Tzvelev Leymus racemosus|subsp=depauperatus|(Bornm.) Soják Leymus racemosus|subsp=klokovii|Tzvelev Leymus racemosus|subsp=sabulosus|(M.Bieb.) Tzvelev Leymus sabulosus|(M.Bieb.) Tzvelev Triticum sabulosum|(M.Bieb.) F.Herm.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Алфавит бойынша өсімдіктер