Еңбекші — Алматы облысы Қарасай ауданы, Әйтей ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей, Іле Алатауының солтүстік баурайындағы жусан аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен тебелі жонды келген сұр, бозғылт қоңыр топырақты өңірінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14402521 2544 100,9 1209 1243 102,8 1312 1301 99,2

Тарихы Іргесі 1963 жылы осы маңда Алматы биокомбинатының қосалқы шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланды. "Еңбекші" ЖШС-і және шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Еңбекшіде орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы елді мекендері