259 × 194px|нобай|оңға|Метеорит кратері
МЕТЕОРИТ КРАТЕРІ - аса үлкен метеориттер құлап түскенде пайда болатын, диаметрі бір метрден ондаған километрге дейін баратын шұңқырлар.Жылдамдығы 2-5 км/сек. және одан артық метеорит соғылған кезде қатты күйден сығылған газ күйіне ауысып, өте күшті қопарғыш толқын пайда болады.Метеориттен тек шамалы сынық қана қалуы мүмкін. Метеорит кратері негізінен екі түрге бөлінеді: соқпа Метеорит кратері және қопарылғыш Метеорит кратері. Соқпа кратердің мөлшерлері онша үлкен болмайды(диаметрі 8-9 м-ден бірнеше ондаған м-ге дейін барады) және оның ішінде тау жыныстарымен араласқан метеориттің ұсақ сынықтары байқалады. Қопарылғыш кратердің мөлшерлері үлкен болады (бірнеше ондаған м-ден ондаған км-ге дейін барады) және оның жиектерінде тау жыныстарының қабаттары болады; кратерде метеорит сынықтары болмайды. КСРО территориясында Эстония ССР-інде Саарема аралында орналасқан Каали тобы (8 кратерден тұрады) бар; олардың ішіндегі ең үлкені қопарылғыш кратердің диаметрі 110 м-ге , тереңдігі 16 м-ге тең. Барлық белгілі Метеорит кратерлер бұдан мыңдаған жылдар бұрын пайда болуы мүмкін.1947 ж. 12 ақпанда КСРО-ның Приморье өлкесінде 24 соқпа кратер (көлденеңі 8-ден 26 м-ге дейін) пайда болған.