Фикрет Мешади Джамиль оглы Амиров (; 1922–1984) —әзірбайжан, кеңес композиторы, КСРО халық артисі (1965).

Өмірбаяны 1922 жылы 22 қарашада Гянжа қаласында Мешеди Джамиль Амировтың (аты шыққан әзірбайжан әншісі) отбасында туған. Басында Гянжа музыкалық училизеде білім алып, 1939 жылы Баку консерваториясына түсіп, 1948 жылы У. Гаджибеков пен Б.И. Зейдманның класы бойынша консерваторияны бітірді.

Фикрет Амиров – әзірбайжан әйелдерінің теңдігін сөз ететін «Севиль» атты тұңғыш лирика-психологиялық операның (1953 жылы Әзербайжанның Ахундов атындағы опера және балет театрында қойылды), музыкалық комедияларын, жұртшылыққа белгілі симфониялық мугамдардың «Шур», «Кюрдовшары» (1948 жыл), «Әзербайжан каприччиосы» (1961 жыл), «Симфониялық билер» (1963 жыл), фортепьянолық үш концерттің, ән-романстардың авторы. Композитор кинофильмдер мен драм. спектакльдерге де музыка жазды.

Фикрет Амиров Әзірбайжан ССР Жоғары Советінің 4–7 шақыруларында депутат болып сайланды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949). Ленин және Қызыл ту ордендерімен марапатталған.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Дереккөздер

Санат:Әзербайжан балет сазгерлері Санат:Әзербайжан музыка педагогтары Санат:Әзербайжан КСР-інің халық әртістері Санат:Бакуде қайтыс болғандар