Анадыр шығанағы — Беринг теңізінің ең үлкен шығанағы, солтүстік-батыс бөлігінде, Чукот түбегі мен Азия материгі жағалауы аралығында орналасқан шығанақ.

Анадыр шығанағының 2 ірі шығанақтан тұрады: Әулие Крест қойнауы Анадыр лиманы.

Жағасында Анадыр теңіз порты тұр.

Тарихы 1648 ж. ұлы орыс саяхатшы Семен Дежневтың экспедициясында ашылған. Алғашқы картасы 1665 ж. Курбат Ивановпен жасалынған.

Гидрографиясы Құрлыққа 278 км-дей сұғына енген, шығанақтың жағаға таяу жеріндегі ені 400 км, тереңдігі 100-105 м-ге дейін. Жылдың көпшілік уақытында қалқып жүретін сең шығанақты жауып жатады. Одан тамыз, қыркүйекте арылады. Анадыр, Великая, Канчалан, Туманская өзендер құйылады.

Шығанақтың жағасында және акваториясында мұнай мен газдың кен орындары табылған.

Санат:Чукот автономды округі шығанақтары Санат:Беринг теңізі шығанақтары