Вискаша- салмағы 7 кг тартатын ірі кеміргіш.Пампаста 20-30-дан үрейленіп тіршілік етеді.Інінің аузын кең қылып 200 м-ге дейін ұзындықта қазады.Вискашаның әр ұрпағы оны тереңдетіп,кеңейтіп не ұзартып отырады.Мұндай кезде кіре берісте далаға лақтырылған топырақ үйінділері жатады.Кешқұрым далаға,кәрі еркегі шығып,жүрелеп отырып алып айналасын шола қарайды.Содан кейін ғана калонияның басқа мүшелері шығып,жайылуға кетеді.Олар шөпті,басқа да өсімдіктртерді жейді.Олар жылына бір рет 2-3 баладан табады.Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727
Дереккөздер
Санат:Кеміргіштер Санат:Оңтүстік Америка сүтқоректілері