thumb|left|100px| Рентгений Roentgenium (Rg) Рентгений (лат. Roentgenium; Rg) — Менделеевтің Периодтық кестесінің 1-ші топтың жанама топшасының, 7 периодтың химиялық элементі, (CAS-номер: 54386-24-2). Реттік нөмірі – 111, атомдық массасы – 281. Тұрақсыз радиоактивті элемент. Ең тұрақты изотопының салмағы – 281 және оның жартылай ыдырау мерзімі - 26 секунда.

Элемент алғашқы рет 1994 ж. 8 желтоқсанда Германиядағы Дармштадт қаласындағы Ауыр иондарды зерттеу орталығында (нем. Gesellschaft für Schwerionenforschung, GSI) синтезделген.

thumb|left|200px|Вильгельм Рентген - рентген сәулелерін алғашқы рет ашқан ғалым Элементтің атын рентген сәулелерін ашқан атақты неміс физик, Нобель сыйлығының иесі - Вильгельм Конрад Рентгеннің (1845-1923) құрметіне Рентгений деп қойды.

Алғашқы синтез келесі реакция бойынша өткізілген:

209Bi + 64Ni = 272Rg + n

Реакция нәтижесінде алынған изотоптын жартылай ыдырау мерзімі 1,5 миллисекунда болды

IUPAC 111-ші элементтің ашылуын ресми түрінде 2003 ж. таныды. 2004 жылы атын Рентгений деп ресми түрінде қойды.

Белгілі изотоптары Изотоп Массасы Жартылай ыдырау мерзіміNudat 2.3 Ыдырау түрі 272Rg 272 3,8 мс α-ыдырау 268Mt 274Rg 274 6,4 мс α-ыдырау 270Mt 278Rg 278 4,2 мс α-ыдырау 274Mt 279Rg 279 0,17 с α-ыдырау 275Mt 280Rg 280 3,6 с α-ыдырау 276Mt 281Rg 281 26 с спонтанды ьөліну; α-ыдырау 277Mt 282Rg 282 0,5 с α-ыдырау 278Mt

Сыртқы сілтемелер

Рентгений на Webelements О синтезе элемента на сайте ОИЯИ

Тағы қараңыз Химиялық элементтер тізімі Химиялық элементтер

Дереккөздер

Санат:Химиялық элементтер