АҒА РЕЗА (16 ғасырдың 2-жартысы мен 17 ғасырдың басы — анық 1816 жылы кейін) — парсы миниатюрашысы. Ирандағы Қашанқаласынан шыққан Али Асғар Мавлянның ұлы. Алғашында Мешхед қаласында, 1858 — 1600 жылдары Исфаһанда Аббас І шаһтың сарайында тұрған. Сурет салудың графикалық үлгісін миниатюрада қолданды. АҒА РЕЗА әсіресе портрет жасау өнерінде шеберлік танытты. Оның шығармаларын Дублиндегі (Ирландия) Честер Бити кітапханасынан (“Шаһнамаға” жасаған иллюстрация, қолы қойылмаған), Париждегі Ұлттық кітапханадан (12 миниатюрасы бар, біреуіне қолы қойылған) және жеке коллекциялардан кездестіруге болады. Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Аға Реза · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.