Тескентоған — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Сұрат ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Округ орталығы - Сұраттан батысқа қарай 4 км-дей, аудан орталығы - Меркіден оңтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен511 558 109,2 264 275 104,2 247 283 114,6

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Тарихы Кеңес өкіметі уақытында бұл ауыл "Қызыл ту" ауылы деп аталған. Колхоздар таратылған уақытқа дейін Киров колхозына қараған.

Ауыл атауы Тескентоған атауы - тарихи есім. Сыпатай батырдың басшылығымен осы елді мекенді суландыру үшін биік белді қазып, Меркі өзенінен су бұрған. Сондықтан, Тескентоған ауылы аталып кеткен. Ал, одан кейін колхоздастыру кезінде "Ерназар" колхозы атанған. "Ерназар" колхозы тұсында бұл ауыл тау бөктеріндегі, қазіргі "Пионер" лагерінің төменгі тұсында болған. Қазіргі орынға 1941 жылы қоныс аударып, "Қызыл ту" атанды. Негізінен, Сыпатай батырдың ұрпақтары осы ауылда тұрады. Осы жерде Сыпатай батыр қайтыс болғанда, ағайын, ел-жұрты ақ жуып, арулаған, жаназасын оқып, соңғы сапарға шығарып салған. Сондықтан ол жерді жергілікті халық әлі күнге дейін "Сыпатайдың жуғысы" деп атайды.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері