Седунов Анатолий Андреевич – совет стоматологы, медицина ғылымдарының докторы. 1962 жылдан КОКП мүшесі. Ташкент медицина институтын бітірген. 1959-62 ж. Ташкентте стоматолог-дәрігер. 1962-89 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтта ортопедиялық стоматолог. Кафедрасының ассистенті, доценті, меңгерушісі, 1989 жылдан профессоры. Седунов «Құйылған ситалл» атты стоматологиялық жаңа материал алып, одан тіс протездерін жасау технологиясын ұсынды.
Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7