thumb Араб Легионы ( аль-Джайш аль-Араби) — Трансиорданияның (1950 жылдан Иордания) әскери бөлімдерінің аты 1920-1956 жылдары.

1920 жылы қазан айында Ұлы Британия отаршы өкіметтің қаржыландыруымен Фредерик Пиктің басшылығымен 150 адамнан әскери топты құрып, атын Араб Легионы (аль-Джайш аль-Араби) деп қойды. Легионға көбісі - Осман империясына қызмет еткен арабтар кірді. Араб Легионы 1921-56 жылдары арасында 150 адамнан 23 мың адамға дейін өсті.

Оның іс жүзіндегі бас қолбасшылары ағылшын офицерлері Фредерик Пик (1920-39) пен Дж.Б.Глабб (1939-56) болдыAvi Shlaim (2007) «Lion of Jordan The Life of king Hussein in War and Peace» Allen Lane ISBN 9780713997774 p 17.. Ағылшындар Араб Легионын араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтыруға пайдаланды. Араб Легионының бөлімдері 1941 ж. Ирактағы ағылшын отаршылдарына қарсы көтерілісті басуға, Сирияны жаулап алуға (1941), араб-израиль соғысына (1948-49) қатынасты. 1956 ж. 2 наурызда Глаббты Иорданиядан қуғаннан кейін (азаттық күресі дәурлеген кезден), Араб Легионы Иорданияның Араб армиясы деп аталды (1956 ж. шілдеде).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер About The Arab Legion The Arab Legion and the Defense of Jerusalem Encyclopedia Britannica 1956 — King of Jordan sacks British general (BBC article and video)

Санат:Иордания