thumb|140px|Армиллярлық сфера Армиллярлық сфера ( — білезік, сақина) — аспан шырақтарының экваторлық немесе эклиптикалық координаталарын анықтауға арналған ежелгі астрономиялық бұрыш өлшейтін құрал.
Армиллярлық сфера өлшемдік бөліктерге бөлінген бірнеше сақинадан құралған. Өзінің орталық осінен айналатын бұл сақиналар диоптр деп аталатын тетіктермен жабдықталған. Осы сақиналардың біреуі аспан экваторына немесе эклиптикаға параллель болады. Армиллярлық сфера 16 ғасырға дейін қолданылған.
Қызықты дерек thumb|left|120px|Португалия туы Армиллярлық сфера — Португалия туының бас элементі.
Әдебиеттер Қазақ Совет энциклопедиясы // Бас редакторы М. Қ. Қаратаев — Алматы, 1972, 1 том.
Сілтемелер
Санат:Астрономиялық аспаптар Санат:Аспан координаттар жүйелері