Хосе Хервасио Артигас, - Уругвайдың әскери және саяси қайраткері.
Америкадағы испан отарларының тәуелсіздігі жолындағы күрескер (1810-26). Помещик отбасынан шыққан.
1811 жылы Уругвай халқының (негізінен бақташы - гоучолар мен үндістер) испан отаршыларына қарсы көтерілісін басқарды. Лас-Пьедрас маңында көтерілісгілер жеңіске жетті. Оның басшылығымен Уругвайға басып кірген Буэнос-Айрес әскері 1815 ж. талқандалды.
1816-20 ж. Артигас Уругвайға басып кірген португалиялықтар мен бразилиялықтарға қарсы күресті басқарды. 1920 жылдың басында Артигас әскери жеңіліске ұшырады. Артигас Парагвайға қоныс аударды да, соңғы өмірін сонда өткізді.
Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Уругвай саясаткерлері