Георге Асаки, ,(1 наурыз1788, Герца, Молдавия княздігі — 24 қараша1869 ж., Яссы) — армян текті молдаван және румын жазушысы, ағартушы, тарихшы, драматург және аударушы.
Георге Асаки ұлттық мәдениетті өркендетуді жақтады. Георге Асаки бірінші ұлттықттеатрды ұйымдастырушы (1816 ж.(, "Румын арасы" газетін (1829-49) шығарды.
Яссыдағы бірінші молдаван гимназиясын (1828), Михайлянск академиясын (1835), Музыкалық драмам консерваториясын (1837) негізін салған.
Георге Асакида патриоттық және дидактикалық сипатта жазылған "Өлеңдер" (1836) жинақтары, "Князь қызы Руксана" (1841), "Молдаван қызы Елена" (1851), "Ақ жазық" (1855) т.б. шығармалары молдаван және румын әдебиетінің тарихында белгілі роль атқарды.
Дереккөздер
Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Румыния