Шойырылу — жұлын түбірінің зақымдануы. Әдетте ол әлсін-әлсін қабынып, созылмалы науқасқа арналады. Жұлын тармақтары — нервтің сезімтал (артқы) және қозғалыс (алдыңғы) талшықтарынан тұрады. Осыған сәйкес жұлынның артқы талшығы қабынғанда адам қатты ауырсынады да, ал алдыңғы талшық ауруға шалдыққанда бұлшық етте әлсіздік пайда болып, массасы кемиді, өйткені қабынған талшықтар арқылы нерв жүйесі зақымданады. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шойырылу · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.