thumb|300px|Қосқұдық сексеуілді орманы Қосқұдық сексеуілді орманыҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 - Мойынқұм құмды алқабының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің сол жағалық аңғарындағы орманды алқап.
Географиялық координаттары Жамбыл облысының Шу (шығыс бөлігі), Меркі (оңтүстік бөлігі) және Мойынқұм (басым бөлігі) аудандары жерлерін қамтып жатыр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылған, енді жері 30 км-ге жуық.. Аумағы 3,5 мың км². Алқаптың шағын бөлігі (0,6 мың км²) Шу өзенінің оң жағалық аңғарындағы Сексеуілдала даласында жатыр. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 330-400 м, абсалюттік биіктігі 444 м (алқаптың оңтүстік-шығысындағы Аязбай қыстауы маңы). Қосқұдық сексеуілді орманының алқабында Мойынқұм ауданының орман шаруашылығы, сондай-ақ аудан орталығы Мойынқұм ауылы, т.б. елді мекендер, қыстаулар мен жайлаулар, суы тұщы құдықтар орналасқан.
Геологиялық құрылымы Палеоген кезеңіндегі тектоникалық қозғалыстың әсерінен әуелі Шу өзенінің аккумулятты жазығы қалыптасса, неогеннің 2-жартысында өзеннің аңғары толығымен қалыптасып, жазық далада құм төбелер пайда болған.
Климаты Қосқұдық сексеуілді орманының климаты қоңыржай континетті: қысы суық, жазы қуаң әрі азынақты ыстық, қаңтар айының жылдық орташа мөлшері -8-12°С, кейде ауа температурасы - 36°С-қа дейін төмендейді. шілде айының жылдық орташа мөлшері 25-27°С, кейде ауа температурасы 42°С-қа көтеріледі. жауын-шашынның орташа мөлшері 130-180 мм. аясыз күннің орташа мөлшері 5,5 айға (170 күн) жетеді. желдің жылдық орташа мөлшері 2,9-3,3 м/с, кейде оның жылдамдығы 20 м/с-қа дейін болады.
Топырағы Орманның басым бөлігінің топырағы сортаңданған және құмдақты сұр топырақтан тұрады. Құм төбелер арасындағы шұратты жерлерде грунт сулары жер бетіне жақын жатыр (1,5 м-ден 5 м-ге дейін).
Өсімдігі Топырақ жамылғысында сексеуілден басқа (негізгі алқапта қара сексеуіл өседі) баялышты-жусанды, бұйырғынды-жусанды өсімдіктер басым. Кейбір жерлерде теріскен, күйреуік, ши, жүзгін жыңғыл шоғырлары кездеседі. Өзен бойында ну қамыс, шілік жыңғыл аралас тоғай қалыптасқан.
Жануарлары Жабайы шошқа (доңыз), ақкіс, сусар, ондатр, қасқыр, қызыл түлкі, борсық және т.б. жануарлар.
Тағы қараңыз Сексеуіл Орман
Дереккөздер
Санат:География Санат:Ормандар