Патиссон (табақша тәрізді асқабақ). Жер-жерлерде өсіріледі (таңдаулы сорты Белые 13). Тағамға дәні жетілмеген және қабығы жұқа, қытырлақ тығыз еті (2-3 күндік түйіндер — «пуплята») пайдаланылады. Пісіп кеткен жемістер тағамға жарамсыз. Патиссонды 0°С-ден 1°С-ға дейінгі температурада 2-3 апта сақтауға болады. Оның құрамында витаминдер, каротин (А провитамині), минерал тұздар, сондай-ақ калий, пектин және басқа пайдалы заттар бар. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

+ 100 г өнімде Құнарлылығы, ккал 19,4 Ақуыз, г 0,6 Майлар, г 0,1 Көмірсу, г 4,3 Дереккөздер

Санат:Асқабақтар