thumb|250px| Фотопленка Фотопленканы өңдеу. Химиялық- фотографиялық өңдеулер фотопленкалардың типтеріне және оның жарық сезгіш қабатының қасиеттеріне тәуелсіз түрде мынадай міндетті операциялардан тұрады: айғақтау, мұның нәтижесінде фотоқабатта көзге көрінетін кескін шығады және бекіту, мұның нәтижесінде әлгі кескін жарық сәуле әсерінен өзгеріске ұшырамайтын болады. Фотопленка фотобачокта айғақталады және бекітіледі, бачоктің ішінде өңделмекші фотопленка оралатын спираль катуша орналасқан. Қақпақтың ортасында бачокқа өңдеу ерітіндісін құюға арналған ойық бар. Фотопленканы кассетадан шығарып алу және оны катушкаға орау мүлде қараңғы жерге іске асырылады, пленка салынып қақпағы бабылған бачокты жарық жерге шығаруға және бұдан кейінгі жұмыстардың бәрін жарық жерде орындай беруге болады,бекіту процесі біткенше бачокты ашуға болмайды. Фотопленкаларды өңдеуге арналған ерітінділер метол 8 г гидрохинон 5 г сусыз натрий сульфиті 125 г сусыз сода 5,75 г калий бромиді 2,5 г су 1 л Ерітінді дайындау Ерітінді дайындау үшін қайнаған суды пайдаланады. Ерітіндіні пайдаланудан 10-12 сағат бұрын дайындап қою керек. Оны герметикалы жабылатын тығыны бар, күңгірт шыны ыдыста қараңғы жерде сақтау қажет.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Дереккөздер