Базарбайтөбе – ежелгі қоныс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері Отырар ауданы, Қоғам ауылынан 4 км оңтүстік-батыста, Сырдария жағалауында, Жаманкөл өзені сағасының жанында.
Деректер 1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. Қазіргі орны төрт бұрышты келген, шығыстан батысқа қарай сәл созыла жатқан, ауданы 65х40м төбе. Шығыс жағы басқа бөліктеріне қарағанда биігірек келген, (биіктігі 4 м). Төбенің үсті жалпақ. Жоғарғы алаңқай-төбершік ауданы 35х35 м. Топографиясына қарағанда қонысқа қірер қақпа солтүстік жақта орналасқан. Жинастырылған материалдар Қостөбеден оңтүстік табылған заттарға ұқсас. Мамандар Базарбайтөбені халық 1-8 ғасырлар кезінде мекендеген деп есептейді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан қоныстары