thumb|Апатозавр thumb|Апатозаврдың скелеті thumb|Апатозаврдың скелеті Апатозавр — ең ірі жануарлардың бірі. Ол шамамен 157—146 миллион жыл бұрын кейінгі Юра дәуірінде өмір сүрген. Шөппен қоректенген динозаврдың ұзындығы — 21—27 метр, жамбасының биіктігі — 4,6 метр, салмағы шамамен — 33—38 тонна. Бассүйегі 60 см ұзындықта болғанымен, миы — өте кішкентай. Апатозаврдың мойыны — ұзын, омыртқасы — қисық, жақ сүйегінің алдыңғы бөлігінде шеге тәріздес тістері, бағана тәріздес төрт күшті аяғы болған. Артқы аяқтары алдыңғыларынан үлкендеу. Қызықты дерек Апатозавр, негізінен, қылқанжапырақты ағаштармен қоректенген. Ол динозавр өмір сүрген кездегі ең көп тараған өсімдік болатын. Апотозавр — жер бетінде өмір сүрген ең ірі жануарлардың бірі. Апотозаврдың қан қысымы сынап бағанасы бойынша 400 мм болған, бұл — адамның қан қысымынан 3—4 есе жоғары өлшем. Мәліметтер Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер Салмағы : 33—38 тонна Тұқымдас : Диплодоцид Отряд тармағы : Зауропод Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер
Санат: Динозаврлар Санат: Зоология