Қарабұтақ — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Қарабұтақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынана шығысқа қарай 206 км, аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км жерде, Ырғыз өзенінің оң жағасында орналасқан. Қарабұтақ өңірі Ырғыз өзенінің екі беті мен Ор өзенінің солтүстік-шығыс алқабын алып жатыр. Қарабұтақ жері - аса бай, сулы, нулы, құрақты көлдері бар, белуардан келетін байтақ бозды дала.Қойлыбаев Ә. Бабамнан қалған байтағым.- Ақтөбе, 2003.- 192 бетА7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия» ЖШС, 2001.-748 бет.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 3892 адам (1886 ер адам және 2006 әйел адам) болса, 2009 жылы 2601 адамды (1269 ер адам және 1332 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2251 адамды (1109 ер адам және 1142 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Әйтеке би ауданы елді мекендері