Диспетчерлік журнал, карточка, рапорттар, жоспар-графиктер түріндегі диспетчерлік қызмет документтерінен тұратын үлкен информациялардың іс-қағаздарын жасақтауға тура келеді. Қажетті информациялармен, олармен жүргізілген жұмыс нәтижелерін диспетчер төмендегідей негізгі журналдарға жазып отыруы қажет: бұйрықтар мен ескертулер, заявкілер, тапсырмалар мен оларды орындау нәтижелерін жазатын оперативті жұмыс журналы, мал және егін шаруашылықтары өнімдерін өндіру және сату есептерінің журналы, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің барлық түрлері есебінің журналы. МТП жанармайының шығыны, өнім өндіру және сату және басқа да көрсеткіштерді жоспар-график түрінде жазып көрсету ыңғайлы болады. Осылайша көрнекті етіп жазып көрсету өндірістің жүрісі мен жағдайын тез бағалауға және оған тез әсер етуге мүмкіндік береді. Диспетчер пунктінде қосымша документтер болуы керек: шаруашылықтың жерді пайдалану картасы, шаруашылықтың өңдірістік-финанстық жылдық жоспары, сондай-ақ диспетчерлік қызмет бақылап және бағыттайтын, барлық бөлімшелер мен учаскелердің өндірістік міндеттері мен жооспары; анықтамалық-нормативті материалдар(жанармай шығыны нормасы, машиналарға техникалық қызмет көрсетудің кезеңдері, т.б.); бөлімшенің құрамындағылардың және мүшелері туралы мәліметтер, техникалр саны және басқа мәліметтер. Дереккөздер Машина-трактор паркін пайдалануда ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы: селолық орта кәсіптік-техникалық училищелерге арналған оқу құралы.Мухин А.А.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Диспетчерлік документтер · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.