Аталу себебі: Доғал, жалпақ тұмсықты бұл акуланың құйрық жүзбеқанаты – қола түсті, ал төменгі бөлігі ашық түсті болып келеді. Арқы бөлігі мен жотасы қоңырқай сұр, ал құрсақ тұсы аппақ болады. Таралуы: Субтропикалық аймақтарда, Атлант мұхитының батысындағы Мексика жағалауында, Мексика шығанағында және Аргентина мен Бразилия жағалауларында кездеседі. Биологиялық сипаттама: Акуланың бұл түрі теңіз түбіндегі балықтармен, шағын акулалармен қоректенеді. Іштей ұрықтанады. Буаздық кезеңі 12 ай. 13- 24 акулаға дейін ұрпақ әкеле алады. Жаңа туған акуласының ұзындығы – 60-70 см. Басқа акулалармен салыстырғанда өте баяу өседі. Акуланың бұл түрі 100 метр тереңдіктегі қоңыржай және субтропиктік суларда тіршілік етеді. Кішкентай тістері бар. Тістерінің пііші - үш бұрышты сонымен қатар өте өткір. Алып жыртқыш, су бетінде жақсы шоршиды. Аталық қола түсті акула 13 жылда жыныстық жағынан жетілсе, аналықтары 20 жылда ұрпақ әкелуге дайын болады екен.

Санат:Акулалар