Балқаш тамыржегіш қоңызы () – қатты қанаттылар сабының сүген қоңыздар тұқымдасына жататын, табиғатқа сән беретін, сирек кездесетін әдемі қоңыз. Таралу аймағы өте шағын. Солтүстік Балқаш маңында анда-санда кездеседі. Долинка маңынан (Қарағанды облысы), Бектау-Ата тауынан (Балқаш қаласы маңы) табылған. Тау етегі аңғарларындағы жусанды-астық тұқымдасты жерлерде тіршілік етеді. Дернәсілдері көпжылдық астық тұқымдастың және қияқөлең өскіндерін кеміреді. Туыстың басқа өкілдері сияқты малдың шектен тыс жайылуы мен жер жыртылуын көтермейді.
Дереккөздер "Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен" - Алматы: Алматыкітап баспасы, 2009
Санат:Қатты қанаттылар